Тұтынушылардың тек 21%-ы заң бойынша құқығын қорғайды

1253

Әлеуметтік сауалнамаға елдегі 17 өңірдің тұрғындары қатысқан.

Тұтынушылардың тек 21%-ы заң бойынша құқығын қорғайды

Қазақстанда тұтынушылардың 65,9%-ы заңды білгенімен, тек 21%-ы құқығын қорғайды. Бұл туралы "Әділет" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Томпиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Әділет" қоғамдық бірлестігі 2021 жылы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша Қазақстанның 17 өңірінде әлеуметтік сауалнама жүргізген. 

"Өткен жылы біз 20 мың адам қатысқан сауалнама жүргіздік... Оның қорытындысы тұтынушылардың өз құқығын білмейтінін көрсетті. Сұраққа жауап бергендердің 65,9%-ы заңды білетінін, бірақ оны пайдаланбайтынын айтқан. Тұтынушылардың арасында заңды пайдаланатындардың үлесі – 21%. Егер олар заңды білсе, оны пайдаланса, бізге түсетін шағымдар саны азаяр еді", – деді Ерлан Томпиев.

Ол бүгінде тұтынушыларға заңды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу