Тұтынушыларға 166 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

787

Биыл Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне 17 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге көп.

Тұтынушыларға 166 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бас сарапшысы Мұхтар Аяпбергенов primeminister.kz ақпараттық ресурсына берген сұхбатында комитетке келіп түскен арыз-шағымдардың сипаты әртүрлі екенін айтты. Оның мәліметінше, тауардың сапасынан бастап, ондағы қызмет көрсету деңгейі, тұрмыстық қызмет көрсету саласында жиһаз жасау және оны жөндеу сапасы, сұлулық салондарының жұмысы, тұрмыстық техниканы сапасыз жөндеу мәселелері тұтынушылардың көңілін көншітпейді. Бұған қоса, туристік салада –  жүзеге аспаған туристік сапарлар үшін ақшаны қайтармау, байланыс қызметтері бойынша – сапасыз интернет ұсыну, тұрғын үй кешендерінде интернет пен ТВ қосу кезінде операторды таңдау құқығының болмауы секілді тұрғындарды қынжылтқан жайттар баршылық.    

"Біз келіп түскен шағымдар бойынша арнайы статистика жүргіземіз, өтініштердің ішінде мемлекеттік органдарға бағытталғандары да бар, олардың саны – 3258, ал 7409 өтініш бойынша түсініктемелер берілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушыларға 166 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды", – дейді М.Аяпбергенов. 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне "Бек Эйр" әуе компаниясының үстінен де шағымдар келіп түскен. Аталған комитетінің үш талап-арызының нәтижесінде сот шешімімен "Бек Эйр" әуе компаниясы 1525 тұтынушыға 93,9 млн теңге қайтаруға тиіс. Биыл 20 қарашада комитет 121 тұтынушының мүддесі үшін 7,6 млн теңге сомасындағы төртінші талап арызын жолдапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу