Тұтынушыларға электр энергиясы толық көлемде беріліп жатыр – "KEGOC"

858

Бұл туралы "KEGOC" АҚ жүйелі оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының бас диспетчеры Бекжан Мұқатов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Тұтынушыларға электр энергиясы толық көлемде беріліп жатыр – "KEGOC"

"KEGOC" АҚ жүйелі оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының бас диспетчеры Қазақстанның бірыңғай энергожүйесі Ресейдің және Орталық Азияның біріккен бірыңғай энергожүйесімен бірге тұрақты жұмыс істеп тұрғанына атап өтті.

"Электр энергиясын максималды тұтыну – 15 мың мегаватт. Жоспарға сәйкес электр станцияларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Биыл 8 қарашада "Мойнақ" су электр станциясындағы екі машина, ал кеше Жамбыл ГРЭС-інде қуаты 200 мегаватт болатын энергоблок іске қосылды", – деді Бекжан Мұқатов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ бас диспетчер жыл басынан бері Қазақстанда электр энергиясын тұтыну өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға өскенін, салада жағдай тұрақты екенін айтты.

"Жалпы "KEGOC" АҚ желісінде электр энергиясын өшіру мәселесі жоқ. Тұтынушыларға электр энергиясы толық көлемде беріліп жатыр. Бүгінде жағдай тұрақты", – деді басшы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу