Тұтынушыларға сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 162 млн теңге қайтарылды

635

Көбінесе тұтынушылар бөлшек саудагерлерге шағымданады. 

Тұтынушыларға сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 162 млн теңге қайтарылды

Қазақстандықтардан түскен шағымдар санының артқанын Сауда және инвестициялар министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Бұл ретте жалпы саны 5 406 өтініш түскен. Шағымдардың басым бөлігі бөлшек саудаға (51%), жеке қызметтерге (21%), электронды саудаға (6,8%) және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа (5%) қатысты. Сондай-ақ көлік, коммуникация, туризм саласына қатысты да олқылықтар аталған. 

"Қазақстандықтар медициналық қызмет көрсету, қаржылық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, білім беру, әуе көлігінің сапасына қатысты көптеген шағымдар түсірді. Комитет пен оның облыстық департаменттері қабылдаған шаралардың нәтижесінде қазақстандықтарға сапасыз тауарлар мен қызметтер үшін 162 млн теңге қайтарылды", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу