Тұтынушылық несие беру қарқыны төмендеген – агенттік

207

Бұның бірқатар себебі бар.

Тұтынушылық несие беру қарқыны төмендеген – агенттік Фото: afk.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова несие беру көрсеткіші қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Несие алушыларға талаптың күшеюінен кейін қазақстандықтар саналы түрде несие ала бастады ма?" деп сұрады.

"Әрине, заңның әсері бар. Өзіңіз айтқандай, несие берудің қарқыны қатты төмендеді. Былтырғы жылдармен салыстырғанда тұтынушылық несиелерді беру көрсеткіші жыл сайын 30 пайыздан асатын. Қазіргі уақытта ол 6-7 пайыздан аспайды. 2025 жылы сол деңгейде қалыптасты. Жыл басынан беру осындай үрдіс қайтадан жалғасын тапты. Тұтынушылық несиелерді берудің саны азайды. Оның негізгі себебі – сапалы шешім қабылдау. Мысалы, сізде несие бойынша микроқаржы ұйымдарында төлем мерзімі 1 күннен астам өтіп кетсе немесе банктерде 30 күннен асса, сол кезде несие берілмейді", – деді Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, қарыз алушылардың бірнеше санаты енгізілді. 

"Жоғары тәуекелдері бар қарыз алушылардың санатын енгіздік. Оларға да кредит берілмейді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу