Тұтынушылық несиелердің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендейді

758

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшеріне өзгерістер енгізетін қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Тұтынушылық несиелердің жылдық пайыздық мөлшерлемесі төмендейді Фото: inform.kz

Атап айтқанда сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін мынандай шамада бекіту көзделген:

  • екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк қарыздары бойынша – кепілсіз банк қарыздары бойынша 44%; кепілмен қамтамасыз етілген банк қарыздары бойынша 40 (қырық) пайыз; ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша 25 (жиырма бес) пайыз;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін микрокредиттер бойынша – 44%.

Банк қарызы шартын, микрокредит беру туралы шартты жасау, банк қарызын берумен және қызмет көрсетумен байланысты банк қарызы, микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгерген және (немесе) комиссиялар мен өзге төлемдер өзгерген немесе жаңадан енгізілген күні сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі осы тармақта бекітілген шекті мөлшерден асып кете алмайды.

Түсіндірме құжатта қаулы жобасы кепілсіз тұтынушылық кредиттер үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 56% - дан 44% - ға дейін төмендету мақсатында әзірленгені жазылған.

Құжат 29 наурызға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу