Қызылорданың коммуналдық кәсіпорнында тұтынушының шағымынан соң жоспардан тыс тексеру басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"ҚР ҰЭМ-нің табиғи монополияларды реттеу мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің өкілдері жеке тұлғаның шағымы негізінде "Кызылорда жылуэнергоорталық" МҚК-ін жоспардан тыс тексеруді бастады",- делінген антимонополиялық ведомствоның баспасөз қызметі берген хабарламада. Антимонополиялық ведомство өкілдері жылу энергиясына төлем дұрыс жасалып жатқандығын анықтайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу