Туу туралы куәлікті 3 сағатта алуға мүмкіндік беретін сынақ жоба іске қосылды

859

Туу туралы куәлікті 3 сағатта алуға мүмкіндік беретін сынақ жоба іске қосылды

3 шілдеден бастап Астана қаласының Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан туу туралы және өлгендігі жөніндегі куәліктерді үш сағаттың ішінде алуға болады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан айтты, деп хабарлайды egemen.kz.
"1 шілдеден бастап әділет министрлігі әкімдікпен бірлесіп, "Санкт-Петербург" бизнес орталығындағы ХҚКО-ында сынамалы жобаны іске қосты және бүгіннен бастап туу және өлгендігі жөніндегі куәліктерді алу үшін ХҚҚО-дағы біздің мамандарымыздың көмегіне жүгінулеріңізге болады. Бұл жоба куәліктерді алу уақытын екі күннен үш сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Оның өзінде үш сағаттың өзі ең жоғарғы көрсеткіш. Шын мәнісінде құжаттар бірден өңделіп, дайындалады және дайын болысымен иесіне беріледі. Бізге қазір екі қызмет бойынша құжаттарды тіркеу және әзірлеу жұмыстарының мөлшерін есептеп шығару керек. Егер бәрі сәтті аяқталып жатса, құжаттарды қабылдау еліміздің барлық ХҚО-ында жүзеге асырылатын болады", - деп жазды Абылайхан Оспанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу