Туыстарына сенімхатпен қалдырған 500 бала бар

1807

Таразда ата-аналарының туыстарына сенім хатпен қалдырған оқушы саны 479-ға жеткен.     

Туыстарына сенімхатпен қалдырған 500 бала бар

Бәлкім, оның біразы облыс орталығындағы дарынды ұл-қыздарға арнайы мектепке ауылдан келіп оқып жатқандар шығар?!

Бірақ ата-апасының қолында өскен баланың ауылда жүргені ерсі емес, ал қалада ұл-қызын туыстарына сенім хатпен қалдырғаны құлаққа түрпідей тиеді. Бұл дегенің, бір жағынан баланы қараусыз қалдырғанмен бірдей.

Өткен бір жылдың ішінде Тараз қаласында түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 2 930 кәмелетке толмаған жасөспірімнің тіркелген. Жеткіншектер жасаған қылмыс саны 50-ге жеткен. Мамандар бұл көрсеткіштің салыстырмалы түрде 34,2 пайызға азайғанын айтқанымен, қазір есепке де сенім жоқ.

Мамандар жайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан 127 жеткіншектің, ата-анасы жақынына "сеніп" қалдырған әлі 500-ге жуық баланың әлденеге ұрынып қалмасына кепілдік жоқ дейді. Сондай-ақ шаһарда жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 467 бала, толық емес отбасында тұратын 8 449 оқушы бар. Ал қадағалауды қажет ететін 2 322 балаға сырттай бақылау жасалып отыр.

Айта кету керек, қазір қаладағы 59 жалпы білім беретін мектепте 75 905 бала оқып жатыр.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу