"Туыстарының атына жазылған": Карина Мамаш дипломат күйеуінің Қазақстанда неше үйі бар екенін айтты

2178

Дипломат пен оның әйелінің Қазақстанда ортақ баспанасы бар. 

"Туыстарының атына жазылған": Карина Мамаш дипломат күйеуінің Қазақстанда неше үйі бар екенін айтты Фото: Бекболат Қаржан

Дағдарыс орталығында тұрып жатқан Карина Мамаш күйеуінің Қазақстанда неше үйі бар екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің ортақ мүлкіміз бар. Бір үш бөлмелі үйіміз бар. Ол пәтерге оралсаңдар, мен саған кілтті беремін, мен саған жоламаймын, балалар үйде тұрсын деп жазды. Бірақ мен ол үйге оралсам, оның бір күні кіріп келмейтініне кепіл жоқ. Егер ол балаларының өз үйлерінде тұрғанын қаласа, ол үйді солардың атына жазып берер еді. Одан басқа тағы екі пәтер бар. Бірақ олар оның туыстарының атына жазылған. Олар да - біз некеде болған кезде сатып алынған пәтерлер. Мен келе сала ажырасуға өтініш бердім, бірақ бізді әлі ажырастырған жоқ", - деді Карина Мамаш.

Айта кетейік, бұған дейін #НеМолчи.kz" қорына әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын жазған болатын. Ол өзінің 10 жыл бойы қысым көргенін айтады. Оның сөзінше, Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан.

Көп ұзамай Сыртқы істер министрлігі дипломат Сәкен Мамашты әмірліктерден кері шақырып жатқанын, оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу