"Туысы жындыханаға жапты" делінген 5 баланың анасы баспаналы болды

145

Ақтөбелік Жұлдыз Тлеуф пен оның 5 баласы жаңа пәтерге қоныстанды.

"Туысы жындыханаға жапты" делінген 5 баланың анасы баспаналы болды Фото: Жеке парақшасынан

Бұл туралы үйдің тұңғышы Құралай Есболатова өз парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе қаласының тұрғыны Құралай Есболатова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.

Оның айтуынша, қоғамдық қор атынан пәтер берілген.

Тосын сый болды. Көптен күткен күніміз. Керемет күннің, керемет өмірдің бастауы болып жатыр. Қазақ еліне алғыс айтамын. Бізді қолдап, осындай күнге жеткізді, – деді отбасының тұңғышы Құралай Есболатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу