"Туысым екені рас": Сенат депутаты Хасанмен жақындығы барын айтты

2521

Бұған дейін БАҚ беттерінде депутат Қасымбаевтың туысы деген ақпарат тараған болатын.  

"Туысым екені рас": Сенат депутаты Хасанмен жақындығы барын айтты Фото: коллаж inbusiness.kz

Алматы облысынан сайланған Сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев жақында қамауға алынған Хасан Қасымбаевпен туыс екенін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Иә, әлеуметтік желіде “Талғар ауданындағы ағайынды Қасымбаевтарға қатысты жағдайға әсер етті” деген жазбалар мен видеоларды көрдім. Мен ешкімге өтініш жасамағанымды, қазіргі Талғар ауданы әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Қасымбаевтың өз орнын сақтап қалуы үшін ешқандай шара қолданбағанымды ресми түрде мәлімдеймін. Оның үстіне, мен Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу барысына ықпал еткен жоқпын және ықпал етуге тырысқан да емеспін”, – дейді депутат Жанболат Жоргенбаев.

Сондай-ақ ол Хасан Қасымбаевтың алыс туысы болып келетінін мойындады.

“Туыстыққа келер болсақ: иә, облыстың көптеген тұрғындары сияқты Хасан Қасымбаевтың менің алыс туысым екенін растаймын. Өздеріңіз білесіздер, қазақтың ағайын-туысы көп. Бірақ біз тұрақты түрде араласқан емеспіз. Көбіне оны үлкен отбасылық жиындарда немесе қазаға көңіл айта барған кезде, барлық алыс туыстар жиналған кезде көріп қалатынмын. Маған қатысты мәлімдемелердің бәрін  жала деп есептеймін және жала жапқандарға заң жүзінде шара қолданамын”, – дейді Жанболат Жөргенбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу