Тұз өндіретін зауыт ашылады

2484

Бұл жобаның құны 2,9 млрд теңгені құрайды. 

Тұз өндіретін зауыт ашылады

Келер жылдан бастап  Қызылорда облысында тұзды өндіру, өңдеу және байыту кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл жобаның құны 2,9 млрд теңгені құрайды. Бастапқыдағы жоспар бойынша өңдеу кешені жылына 100 мың тонна тұз өндіреді деп көзделіп отыр. Бұл көрсеткіш болашақта 300 мың тоннаға жеткізіледі.

Жаңа кешен құрылысы барысында 100 жаңа жұмыс орны ашылады. Нысан пайдалануға берілгенде зауытта 500 адам қызмет етеді. Жобаны геологиялық барлаумен айналысатын "BSK Қаратау" компаниясы жүзеге асырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу