Бұл ақпаратты LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мамбетов Асқар Әбдужалилұлы 1978 жылы туған. Ол 14 шілде күні Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен. Күндізгі сағат 11:30-да ол Бердіғұлұлы көшесі, 18а мекенжайындағы орталық мешіттен шыққан.
Куәгерлер кейін оны аялдамада көрген, ол Алматыға бағыт алған №54 автобусқа отырған. Содан бері хабар-ошарсыз.
Туыстарының айтуынша, ер адам психикалық ауруға шалдыққан. Бағыт-бағдардан жиі адасады.
Белгілері: бойы 165–170 см, арық денелі, көзі қара.
Киімі: қара түсті трико, қара футболка, қара кепка.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу