Тұздан шыны табылғаны рас па?

1874

Қазақстандық тұзды Ресей дүкендерінің сөресінен алып тастауы мүмкін.

Тұздан шыны табылғаны рас па?

Көрші елдің азаматтары "Аралтұздан" жаппай бас тартуға шақыруда. Желіде ас тұзының суда ерімеуінен шу шыққан. Себебін тұтынушылар құрамында шыны бар деп түсіндірген. Сондай-ақ иісі, дәмі сезілмейді деп шағымданған. Осыған байланысты біздің арна тілшілері Арал тұзға хабарласты. Ондағылар бұл ақпаратты растамайтындарын айтып, бұл нағыз күйе жағу деді.  

Сауда және интеграция министрлігі тұздан шыны табылғанын жоққа шығарды. Алайда "РосПотребНадзор" да қазақстандық отандық тұздың құрамын тексеруді бастап кетті. Осыған қатысты Сауда және интеграция министрінің орынбасары арнамызға арнайы сұқбат берді. Айтуынша біздің тарап Ресейдің тиісті органынан адал бизнестің атына кір келтіріліп, жала жапқаны үшін заң аясында шара қолдануды сұрапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу