Тұздыкөлге баруға тыйым салынды

1553

Көл басындағы мобильдік топ туристерді кері қайтаруда. 

Тұздыкөлге баруға тыйым салынды

Атырау облысында Тұздыкөл демалыс аймағына баруға тиым салынды. Алыс-жақын жерлерден шипалы тұзбен емделуге келген адамдар көлдің басынан кері қайтарылып жатыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Белгілі болғандай, Индер ауданындағы Тұздыкөл мен оған жақын карьерлерге 28 шілдеден бастап баруға тыйым салынған. Ал 2 тамыздан бастап карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты ол жерде мобильдік топ мүшелері мен полиция жасағы жұмыс жасайтын болған.

"Ауданда эпидемиологиялық ахуал нашарлап кетті. Тек соңғы бес күн ішінде короновирус жұқтырған 46 науқасты анықтап отырмыз. Ал Тұздыкөлге келушілер легі көп болды, сол себепті осы қадамға бардық. Бұл жерде шектеу, арақашықтық сақтау деген мәселе жоқ, шомылуға үзілді-кесілді болмайды. Қазір оның басындағы мобильдік топ барғандарды кері қайтарып жатыр", дейді аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының міндетін атқарушы Гүлжан Оразәлиева. 

Айта кетейік, Тұздыкөл аудан орталығы Индербор поселкесінен15 шақырым жерде орналасқан. Оның суы мен қара балшығы буын,тыныс, гинекологиялық ауруларға ем саналады. Көлге елімізден ғана емес, шетелдерден, соның ішінде Ресейден келіп, ем-дом қабылдайтындар көп болатын. Туристік орынның тартымдылығын оған батыр Махамбет Өтемісұлының, Малайсары би мен Мұрат Мөңкеұлының мазарлары жақын орналасқаны да арттырып тұр. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу