Түзетілген EBITDA көрсеткіші 100 млн теңгеге жуықтады

847

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының" түзетілген EBITDA көрсеткіші 23%-ға ұлғайып, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 99 395 млн теңгеге жетті.  Бұл туралы ұлттық атом компаниясының экономика және қаржы жөніндегі бас директоры Камила Сыздықова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түзетілген EBITDA көрсеткіші 100 млн теңгеге жуықтады

"EBITDA көрсеткіші 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға өсіп, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 96 694 млн теңгені құрады. Өзгеріс жоғары операциялық пайдаға байланысты болды", – деді бас директор. 

Оның айтуынша, операциялық ақша ағыны 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 80 833 млн теңгені құрады. Нәтижесінде 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда өсім 111%-ға жетті. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу