Түзету мекемелерінде отырғандар саны 2 есе қысқарды

642

Қазақстан абақтыда отырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте 100-орында.

Түзету мекемелерінде отырғандар саны 2 есе қысқарды

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов соңғы 9 жылда түрмеде отырғандар саны 2 есе қысқарғанын айтады. Оның сөзінше, бұл – қылмыстық саясатты гуманизациялаудың нәтижесі. 

"Соңғы 9 жылда түрмеде отырғандар саны 57 мың адамнан 30 мың адамға азайды. Абақтыда отырғандар саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 100-ші орында. Ал 18 жыл бұрын көрсеткіштер мүлде басқаша еді. Ол кезде еліміз АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында тұрған", – дейді комитет төрағасы. 

Қазіргі кезде елімізде 82 түзету мекемесі бар. Онда 30 мыңнан аса адам жазасын өтеуде.

"Атап айтсақ, 66 колонияда әртүрлі қылмыстар үшін 25 мыңнан аса адам отыр. 16 тергеу изоляторында 5 мыңнан аса адам қамауға алынған", – деді Жанат Ешмағамбетов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу