Түзету мекемелерінен мерзімінен бұрын босап шыққандар жұмыспен қамтылуда

849

Түзету мекемелерінен мерзімінен бұрын босап шыққандар жұмыспен қамтылуда

Пробация туралы жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Талдықорғанда пробация туралы жоба жүзеге асырыла бастады. Жобаның мақсаты түзету мекемелерінен мерзімінен бұрын босап шыққан азаматтарды жұмысқа орналастыруды көздейді. Әртүрлі мекеменің өкілдері бір терезе арқылы әлгі азаматтарды қабылдап, әңгімелеседі.

Қазір Алматы облысы бойынша 2 мыңнан астам адам құқық қорғау органдарының есебінде тұр. Бәрі де арнайы мекемелерден мерзімінен бұрын босатылған. Қазір пилоттық жоба Жетісудың екі қаласында – Талдықорған мен Қапшағайда жұмысын жалғастыруда. Азаматтар айына екі мәрте қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу