Павлодар қаласында түзету мекемесінің ғимараты саудаға қойылды. Аса ауыр қылмыс жасағандарға арналған колонияның бағасы – 3 миллиард 800 миллион теңге. Кешен кірпіш пен бетоннан тұрғызылған 7 нысаннан тұрады, деп хабарлайды khabar.kz.
Айта кетейік, бұл – екінші бәссауда. Кәсіпкерлікпен айналысуға қолайлы жерде орналасса да, бұған дейін өткен аукционда сатып алуға ниет білдіргендер болмады. Сондықтан осы жолғы бәссаудада объектінің бағасы екі есеге төмендетіледі.
Бұл колония облыс орталығының өнеркәсіптік аумағында орналасқан. 12 гектар жерді алып жатыр.
"Бүгін өтетін аукционға үлкен үміт артып жатырмыз. Өйткені бұл объекті индустриялық аумақта орналасқан. Бизнес өкілдеріне қолайлы жер, өздерінің жобаларын іске асыруға болады. Бұл объектіде бірнеше нысан бар, бірақ құрылысы аяқталмаған. Бірінші аукционмен салыстырғанда, бұл аукционда объектінің бағасы 50%-ға төмендетіледі", - дейді Павлодар қалалық қаржы бөлімі басшысының орынбасары Әлия Қажыбекова.