Түзеу мекемелері жаппай бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілуде

600

2023 жылдың соңына дейін 16 мекемеде бейнемониторинг жүйесін енгізу жоспарланып отыр.  

Түзеу мекемелері жаппай бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілуде Фото: Егемен Қазақстан

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пенитенциарлық мекемелерде жаппай бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл 78 мекеменің 62-сі жаппай бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді, деп жазады inbusiness.kz ІІМ-не жасап.

"Қазіргі таңда 28 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. Қалған 16 мекемеде бейнемониторинг жүйесін енгізу 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бейнебақылауда жеке тұлғаны немесе автокөлікті, сондай-ақ жасалған құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект жүйесі бар", - деді ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Роман Теленков.

Оның айтуынша, ҚАЖ комитетінде ахуалдық орталық құрылған. Мұнда барлық бөлімшенің бейнебақылау жүйелері таратылатын болады.

"Бұл мекеменің қызметіне бақылауды жүзеге асыруға, бұзушылықтар туралы мәліметтерді өңірлік деңгейде ғана емес, Комитет деңгейінде де алуға мүмкіндік береді. Бүгінде олардың бір бөлігі орталыққа қосылған. Сонымен қатар қадағалаушы прокурорлар бейнежазбаларды қашықтан қарау мүмкіндігімен қамтамасыз етілуде. Жаппай бейнебақылауды енгізу пенитенциарлық мекемелерде құқық тәртібін сақтауға, төтенше жағдайлар мен қылмыстарға жол бермеуге бағытталған", - деді ведомство өкілі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу