Ақмола облысының прокуратурасы жазаның орындалуын қадағалау мәселесінде өз жұмысын өзгерістер бағдарламасы шеңберінде құрады, деп хабарлайды prokuror.kz.
Сотталғандардың, әсіресе колониялардағы сотталғандардың құқықтарын қорғау тетіктерін жақсартуға бағытталған проблемаларды шешудің стандартты емес жолдары қолданылады.
Бүгінгі күні өлі аймақ деп аталатын облыстың түзеу мекемелерінде (бейне бақылау жоқ жерлерде), "сенім телефондары" орнатылды, олар тәулік бойы жұмыс істейді, бұл сотталғанға прокурорға құпия түрде жүгінуге мүмкіндік береді. Қоңырау шалу нөмірді терместен жүзеге асырылады және тұтқаны көтергенде автоматты түрде прокуратураға түседі.
Осылайша, жаңа енгізілімді 4 сотталған пайдаланды, оларды прокурорлар жеке қабылданды, және оларға қызықтыратын сұрақтар бойынша түсіндірілді.
Сонымен қатар, пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға түсіндіру және әлеуметтік құқықтық көмек көрсету үшін аймақтың 7 ХҚКО-да бір терезе қағидасы бойынша "Пробация үйлері" құрылды.
Олардың мақсаты – төрешілдік кедергілерді болғызбау. Есепте тұрғандарда қызықтыратын сұрақтарды орнында шешу мүмкіндігі бар, онда мемлекеттік органдардың көбі қызмет көрсетеді, оларға 13 адам жүгінген.