Тұжырымдама: ЖОО-да грант беру ережесіне өзгеріс енгізілді

550

Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы қаулысымен бакалавриат немесе магистратура дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын бөлу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тұжырымдамаға сілтеме жасап.  

Тұжырымдама: ЖОО-да грант беру ережесіне өзгеріс енгізілді Фото: qamshy.kz

Сонымен гранттарды тағайындау қағидасына толықтыру енгізілді. Бұл өзгеріс енді арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдшерлік қызметтің, әскери қызметшілердің, қайтыс болған немесе қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған жарақаты (жарақат, контузия) салдарынан мүгедектігі бар деп танылғандардың балаларын (асырап алынған, қамқорлыққа алынған, бірге тұратын өгей ұл мен қыздарды қоса алғанда) жоғары білім алуға конкурстан тыс өткізуді көздейді.

Сонымен қатар қазір ауыл жастары арасынан Қазақстан азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламалары бойынша конкурс былай өткізілетіні айтылады:

Осы білім беру бағдарламалары топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65%-ы жалпы конкурс тәртібімен, ал қалған 35%-ға гранттар бойынша тек ауыл жастары үшін конкурс өткізіледі.

Бұрын үлестіру 70%-дан 30%-ға дейін еді.

Тиісті қаулы 2023 жылғы 6 ақпаннан бастап күшіне енеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу