Twitter компаниясының табысы өткен жылы 3,716 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы компанияның соңғы мәлімдемесіне сілтеме жасап.
2020 жылдың соңына қарай компаниядағы қызметкерлер саны 5 500-ден асқан. Олар әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 35-тен астам кеңседе жұмыс істейді. Әлеуметтік желі басшылығы 2025 жылға қарай қызметкерлердің кем дегенде тең жартысы әйелдер, төрттен бір бөлігі әр түрлі азшылықтардың өкілдері болады деп жоспарлап отыр.
Америкалық Twitter Inc. компаниясы 2006 жылы құрылған болатын. Корпорацияның негізгі өнімі – қысқа хабарламалар алмасуға арналған әлеуметтік желі. Оның штаб-пәтері Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында орналасқан.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com