Маск X әлеуметтік желісін пайдаланушылардан ақша алуды жоспарлап отыр

619

Жазылу бағасы қанша болатыны әлі нақтыланған жоқ.

Маск X әлеуметтік желісін пайдаланушылардан ақша алуды жоспарлап отыр Фото: yahoo

X (бұрынғы Twitter) басшысы Илон Маск әлеуметтік желіні пайдаланғаны үшін ақы алатынын айтты. X-те қазірдің өзінде қолданушыларға ұзақ хабарламалар жазуға және іздеу нәтижелеріндегі аккаунттың басымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін ақылы жазылым бар, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кәсіпкер "боттар армиясымен" күресу үшін компания "азғантай төлем" енгізетінін айтты. Маскке қолданушылар көптен бері платформада жалған аккаунттар бар екеніне шағымданған.

Маск жазылу бағасы қанша болатынын нақтыламады, қосымша мүмкіндіктер туралы да ештеңе айтқан жоқ.

Айта кетейік, X қазірдің өзінде пайдаланушыларды тексеретін, ұзақ хабарламалар жазуға және өңдеуге мүмкіндік беретін ай сайынғы премиум жазылымын ұсынып отыр. 

Әлеуметтік желі Bluesky және Mastodon, сондай-ақ Meta-дан Threads бәсекелестігінің артуына қарамастан танымал болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу