Бұл туралы Әлеуметтік желі иесі Илон Маск хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Ең бастысы, біреуге қоңырау шалу үшін телефон нөмірін енгізу қажет болмайды.
Жаңа мүмкіндіктер - чаттардағы хабарламалар алдағы күндері қосылады, олар шифрланады. Ал дауыстық әрі бейне қоңыраулар кейінірек қосылады.
Шифрланған хабарламаларды, ұзақ твиттер мен микротрансакцияларды жіберу мүмкіндігі туралы Илон Маск алғаш рет өткен жылдың соңында жариялады - жаңа мүмкіндіктер миллиардерге "Twitter 2.0" құруға көмектеседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу