Twitter компаниясының жалпы кірісі 2021 жылдың алғашқы үш айында 1,04 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNBC арнасына сілтеме жасап.
"Біз биыл бірінші тоқсанда жақсы көрсеткіштерге ие болдық. Кіріс көлемі өткен жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 28%-ға көп",– деді компанияның қаржы директоры Нед Сигал.
31 наурызда аяқталған кезеңде жарнамадан түскен кіріс 899 миллион доллар болды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға көп. Компанияның болжамына сәйкес, Twitter-дің екінші тоқсандағы жалпы кірісі 0,98-1,08 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Табиғат Нұрболат
Фото: researchsnipers.com
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу