Twitter-дің түсімі өткен тоқсанда $1,2 млрд-тан асты

602

Жақында америкалық кәсіпкер Илон Маск компанияны $44 млрд долларға сатып алған болатын.

Twitter-дің түсімі өткен тоқсанда $1,2 млрд-тан асты

Америкалық Twitter компаниясының түсімі өткен тоқсанда $1,2 млрд-тан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бұған дейін сарапшылар бұл қаржылық көрсеткіш кемінде $1,23 млрд болады деп топшылаған болатын. 

2022 жылдың алғашқы үш айында көрсеткіш өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға өсті. Компанияның осы кезеңдегі тапқан пайдасының көлемі – $513,2 млн. 

25 сәуірде Twitter басшылығы америкалық кәсіпкер Илон Маск компанияны $44 млрд долларға сатып алатынын хабарлады.

АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының мәліметі бойынша, егер миллиардер келісімнен бас тартатын болса, ол Twitter-ге 1 миллиард доллар көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Келісімнің жабылуы 2022 жылдың 24 қазанына белгіленді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу