Марк Цукерберг бастаған Meta бейсенбіде америкалық миллиардер және кәсіпкер Илон Маскқа тиесілі Twitter-ге бәсекелес болатын жаңа Threads мәтіндік хабарлама қызметін іске қосты, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасай отырып.
App Store онлайн дүкеніндегі жаңа қолданба бетіндегі сипаттамаға сәйкес, оны 6 шілдеден бастап жүктеп алуға болады және "өзінің идеяларың мен трендтермен бөлісуге" арналған. Threads Meta-ға тиесілі Instagram Inc портфолиосындағы үшінші қызмет болады.
"Threads — бүгін Сізді қызықтыратын тақырыптардан ертең трендке айналатын мәселелерге дейін талқылау үшін жиналатын орын", — делінген аннотацияда.
Қолданба 30-дан астам тілді қолдайды, олардың арасында ағылшын, қытай және орыс тілдері бар. Оның интерфейсі, бетте келтірілген суреттерден көрініп тұрғандай, пайдаланушыларда тексеруді растайтын көк түсті белгішелерге дейін Twitter-ге ұқсас ерекшеліктерге ие.
Twitter Threads-тің басты бәсекелесі болып саналады.