Twitter компаниясы Трамптың аккаунтын біржола бұғаттап тастады

837

Twitter компаниясы Дональд Трамптың аккаунтын шектеусіз мерзімге бұғаттау туралы шешім қабылдағанын жариялады. Олардың пікірінше, АҚШ президентінің әлеуметтік желідегі жарияланымдары "зорлық-зомбылыққа үгіттеген".

Twitter компаниясы Трамптың аккаунтын біржола бұғаттап тастады

Хабарламада: "@realDonaldTrump қолданушысының соңғы жазбаларын мұқият сараптаудан өткізе келе, мәтіннің мазмұнын ескеріп, біз оны шексіз мерзімге бұғаттау туралы шешім қабылдадық", – деп жазылған.

Мұндай қадам "әрі қарай зорлық-зомбылыққа арандату деректерін болдырмау" мақсатында жасалып отырғаны да айтылды.

Бұған дейін бірнеше америкалық әлеуметтік желі де осыған ұқсас шешім қабылдаған еді. Бұған да Дональд Трамптың жақында жариялаған жазбалары себеп болған. Онда АҚШ президенті "Жақтастарын Вашингтондағы наразылық акциясына шақырды" деп айыпталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу