Twitter криптовалюта мен ICO жарнамасына тыйым салды

784

Twitter криптовалюта мен ICO жарнамасына тыйым салды

Twitter криптовалюта мен ICO жарнамасына тыйым салды, деп хабарлайды kursiv.kz.

"Біздің қоғамдастықты қорғау үшін криптовалюта мен оған қатысты ақпараттардың жарнамасына деген саясатымызды өзгерттік. ICO мен токенсейл жарнамаларына  жаһандық деңгейде толық тыйым салынды", - дейді  компанияның баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша осы тектес контенттердің басым бөлігі алаяқтықпен байланысты, дәл осы себептен тыйым салуға шешім қабылданған.

Google мен Facebook те осыған саятын саясатқа ойысты. Жазда виртуалды валюта мен ICO-ны, криптовалюта айырбасына байланысты, криптовалюталық әмиян туралы, оның саудасына қатысты кеңестерді жариялауға толық тыйым салатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу