Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады

1229

Мұндай қадамға ұйғырлар туралы жазба себеп болды.  

Twitter Қытай елшілігінің парақшасын бұғаттады

Twitter Қытайдың АҚШ-тағы елшігінің ресми парақшасын бұғаттады. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, онда елшілік Бейжіңнің Шыңжаңдағы саясатын қорғап, бұл аймақта ұйғыр әйелдерінің мәжбүрлеп жұмысқа тартылғанын жоққа шығарған. Ал концлагерьде жазықсыз адамдарды күштеп ұстауды АҚШ-тың бұрынғы Мемлекетік Хатшысы күні кеше геноцидке теңеген еді. Бұл мәлімдемеге Қытай тарапы шұғыл жауап қатты. Америкалықтардың автономиялық аудандағы мәселені көтеруі – елдің ішкі ісіне араласу деп санайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, қарсы шара ретінде ресми Бейжің АҚШ-тың 28 азаматына санкция жариялады. Олардың арасында Майк Помпео да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу