Twitter қызметкерлері жұмыстан шығарылып жатыр

837

 Қызметкерлерді қысқарту арқылы Маск бизнес шығындарын азайтуға тырысады.  

Twitter қызметкерлері жұмыстан шығарылып жатыр Фото: www.championat.com

Маск Twitter қызметкерлерін 75%-ға дейін қысқартуы мүмкін екенін айтқан болатын. Оның айтуынша, ол Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алу арқылы көп шығынға ұшыраған.

Bloomberg дереккөздерінің хабарлауынша, Twitter-дің жаңа иесі қысқартылатын қызметкерлерге 4 қараша күні өз шешімі туралы хабарлайды. Жоспар бойынша оларға екі айлық жұмыстан шығу жәрдемақысы ұсынылады.

"Twitter-ді дұрыс жолға салу үшін  әлемдегі жұмыс күшімізді қысқартудың күрделі процесін бастан өткереміз. Бұл Twitter-ге құнды үлес қосқан кейбір адамдарға әсер ететінін мойындаймыз, өкінішке орай, мұндай қадам компанияны алға жылжыту үшін қажет",  делінген кейбір қызметкерлерге жіберілген электрондық поштада.

Оның алдында Twitter әлеуметтік желісінің жаңа иесі миллиардер Илон Маск Twitter-ге танымал жұлдыздарға ақылы хабарлама жазу мүмкіндігін енгізгісі келетінін айтқан. Пайдаланушылар ақылы түрде атақты адамдарға жеке хабарламалар жіберу мүмкіндігіне ие болады  бұл ретте төлем мөлшері қандай сома болатыны және Twitter-дің өзі осы операциялардан қанша алатыны әлі белгісіз. Сонымен қатар Маск дүйсенбіден бастап компаниядағы қашықтан жұмыс істеуге рұқсат беретін ережелерді алып тастап, қызметкерлерді кеңсеге келуге міндеттемекші.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу