Twitter әлеуметтік желісі Ресейдің РИА "Новости" ақпарат агенттігінің аккаунтарын ЕО-ның 27 елі мен Ұлыбритания аумағында бұғаттап тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әлеуметтік желі неліктен мұндай қадамға барғанын мәлімдемеді.
Нақтырақ айтқанда, РИА "Новости", РИА "Новости" Спорт, Прайм аккаунтарына кіру мүмкіндігі шектелді.
2021 жылдың қыркүйегінде YouTube RT арнасын, ал 2022 жылдың наурызында "Культура", Sputnik, "Россия Сегодня" ХАА мемлекеттік телеарналарын аккаунтарын сервистен өшірді.
8 сәуірде Twitter ресейлік RT телеарнасының аккаунтының жұмысын шектеді. 4 наурызда Роскомнадзор Ресей Федерациясының аумағында Twitter-ді бұғаттаған болатын.
Табиғат Нұрболат