Twitter Threads іске қосылуына байланысты Meta-ны сотқа бере алады

611

Масктың әлеуметтік желісі Марк Цукербергке хат жолдады.  

Twitter Threads іске қосылуына байланысты Meta-ны сотқа бере алады Фото: Ашық дереккөзден

Twitter Meta компаниясын сот ісімен қорқытып, хат жолдады. Әлеуметтік медиа алпауыт бұрынғы қызметкерлерді Threads қосымшасын құруға итермеледі деп айыптаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.

Threads іске қосылғаннан бірнеше сағат өткен соң, Twitter заңгері Алекс Спиро Мeta бас директоры Марк Цукербергке компанияны "Twitter-дің коммерциялық құпияларын жүйелі, қасақана және заңсыз иемденді" деп айыптаған хат жіберді.

Ол Twitter Мeta компаниясының зияткерлік меншікті одан әрі ұстап қалуын, жария етуін немесе пайдалануын болдырмау үшін қосымша ескертусіз азаматтық қорғауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Алекс Спиро хатта Цукерберг компаниясын "Twitter-дің коммерциялық құпияларына және басқа да құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын бұрынғы Twitter қызметкерлерін жалдады деп айыптады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу