Twitter Трампты "бұғаудан" босатты

686

Дональд Трамп билікті 20 қаңтарда Байденге тапсыратынын жариялады.  

 Twitter Трампты "бұғаудан" босатты

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі аккаунты он екі сағат бойы бұғатталғаннан кейін, әлеуметтік желіге қайта оралып, видео арқылы мәлімдеме жасады. Ол Вашингтондағы тәртіпсіздіктерді айыптайтынын және билікті Джозеф Байденге 20 қаңтарда тапсыратынын жеткізді. 

Америкалық президент Вашингтондағы тәртіпсіздіктер салдарынан Twitter-де кем дегенде 12 сағат жазу мүмкіндігінен айырылған еді. Facebook пен Instagram-дағы парақшалары да бұғатталған болатын.

"Сайлау нәтижесімен мүлде келіспесем де 20 қаңтарда билікті табыстау процесі ұйымдастырылады", – деді Трамп мәлімдемесінде. Ол осыған дейін 3 қарашадағы сайлау әділ өтпеді деп бірнеше мәрте мәлімдеме жасады.

6 қаңтарда Трамптың жақтастары Конгрестің сайлау нәтижесін мақұлдау процесіне кедергі келтіріп, Капитолийге баса-көктеп кірген еді. Бассыздықтан бес адам, оның ішінде бір полиция қызметкері қаза тапты. 52 адам ұсталды. 7 қаңтарда Конгресс жұмысын  жалғастырып, Байденнің жеңіске жеткенін мақұлдады.

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу