Twitter үнемдеу мақсатында кеңселерін жабады

601

Қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысады.

Twitter үнемдеу мақсатында кеңселерін жабады

Twitter Сан-Франциско, Нью-Йорк, Токио және Сидней қалаларындағы бірқатар кеңсесін жабады. Осылайша шығын көлемін азайтпақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Компания шығындарды азайтып, қызметкерлерді қашықтан жұмыс істетеді.

Компанияның кадрлар жөніндегі директоры Далана Брэндтің айтуынша, кеңселер жабылса да, бұл шешім қызметкерлердің санына әсер етпейді. Олардың барлығы да үйден жұмыс істейтін болады. 2021 жылдың аяғында тіркелген дерек бойынша, Twitter-де 7,5 мыңнан астам қызметкер жұмыс істеді.

Мамыр айының басында компания қызметкерлерді жалдауын тоқтатты. Бас атқарушы директор Параг Агравал Twitter-дің үнемдеу режиміне көшкенін жариялады. Мысалы, маркетинг пен корпоративті сапарларға жұмсалатын қаражат қысқартылатыны белгілі болды.

Шілде айында Twitter америкалық кәсіпкер Илон Масктың компанияны сатып алу туралы мәмілені бұзғаны үшін оны сотқа беретінін мәлімдеді. Кәсіпкер компанияны 44 миллиард долларға сатып алудан бас тартқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу