Twitter верификация үшін ай сайын 20$ алып отырмақ

1048

Twitter - дің жаңа иесі Илон Маск әлеуметтік желіге ақылы тексеруді енгізуді жоспарлап отыр. Бұл  жазылымның құны пайдаланушылар үшін ай сайын 20 доллар. 

Twitter верификация үшін ай сайын 20$ алып отырмақ Фото: delfi

Қазіргі уақытта платформада айына 5 доллар тұратын  Twitter Blue ақылы жазылымы іске қосылды. Оны Масктың тапсырмасы бойынша кеңейту жоспарланған. Онда қосымша функциялар пайда болады, соның ішінде қолданушылының жеке басын растайтындығын білдіретін көк құсбелгі де бар. Сонымен қатар, жазылым құны төрт есе артады.

Верификациясы бар аккаунттар да  ақылы жазылымды үш ай ішінде 20 долларға міндетті түрде сатып алуы керек.  Әйтпесе twitter аккаунт иесінен құсбелгіні алып қояды.

Сондай-ақ, Маск Twitter қызметкерлеріне жазылымды жаңарту тапсырмасын 7 қарашаға дейін орындалуы керек деген шарт қойған. Тапсырма орындалмаған жағдайда  барлық жауапты адамдар жұмыстан шығарылады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу