Twitter жеке деректерді рұқсатсыз пайдаланғанын мойындады

683

Twitter компаниясы қолданушылар туралы ақпаратты әлеуметтік желі қолданушыларының жасына, талғамы мен сұранысына сәйкестендірілген жарнамаларды көрсету мақсатында қолданғанын айтты. 

Twitter жеке деректерді рұқсатсыз пайдаланғанын мойындады

Компания өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік желідегі баптау функциясынының ақауларына байланысты Twitter-ге осылай жасауға тура келген. 

"Егер сіз мобильді қосымшаның жарнамаларын басып қараған болсаңыз, содан кейін 2018 жылдың мамыр айынан бастап мобильді қосымшаны қолдансаңыз, біз кейбір мәліметтерді, дәлірек айтқанда елдің коды, бағдарламамен қашан жұмыс жасағаныңыз туралы ақпарат және тағы да басқа деректерді жарнамамен айналысатын сенімді серіктестерімізге қолданушылар рұқсат бермесе де жіберіп отырдық",– дейді компания басшылығы. 

Айта кетейік,Twitter 5 тамызда ақаулықты жойып, жеке деректерді пайдалануды тоқтатқан болатын. Дегенмен қанша қолданушының жеке басына қатысты деректеріне қол сұғылғаны әзірге белгісіз. "Біз қазір осы жағдайға байланысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, алдағы уақытта қанша адамның жеке басына қатысты деректері пайдаланылғанын айтатын боламыз",– делінген Twitter-дің ресми мәлімдемесінде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу