Тянь-шань тауларында қоңыр аюлар фототұзаққа түсіп қалды

485

Олардың ішінде 3 қонжық болды. 

Тянь-шань тауларында қоңыр аюлар фототұзаққа түсіп қалды Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында құрылған фототұзақтарға сәуір айының 6-сы мен қыркүйек айының 6-сы аралығында 5 үлкен Тянь-шань қоңыр аюлары және 3 қонжық түскен.

Естеріңізге сала кетейік, аюлардың бұл түрі еліміздің Қызыл кітабына енгізілген. Соңғы жылдары ұлттық парк аумағында аталмыш жыртқыш жиі кездеседі - санақ жұмыстарының нәтижесінде Жоңғар Алатауында Тянь-шань қоңыр аюларының санының жыл сайын артқаны байқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу