Жақында Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі "Golden Life" газдалған анар сусынының құрамында балаларға зиян бояғыш бар екенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
E122 азорубин бояғышы балалардың белсенділігі мен зейініне кері әсер етуі мүмкін дейді.
Ал қазақстандық тарап сусынға тыйым салуға заңды негіз жоқ екенін айтады. Қазір газдалған сусын зертханалық сынақтан өтіп жатыр екен. Оның ұстіне E122 азорубин тағамдық қоспасын қолдануға рұқсат етілген дейді. Оның рұқсат етілген нормасы - 1 килограмм өнімге 50 милиграмм.
Бір қызығы, ауғандық өнімнің тағамдық құндылығы, құрамы мен өндірушісі туралы бірде бір ақпарат жоқ. Олардың өнімдері белгіленген таңбалауға сәйкес келмейтін болып шықты.