Мүфтият квадроберлерге қатысты үкім шығарды

271

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы квадроберлерге қатысты пікір білдірді. 

Мүфтият квадроберлерге қатысты үкім шығарды Фото: mvideo.ru

Шариғат бойынша жануарлардың деңгейіне түсіп, оларға еліктеп дауыс шығаруға, іс-қимылдарын жасауға қатаң тыйым салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

ҚМДБ "квадробер – жануардың сыртқы түрін көрсететін бетперделерді, құйрығы мен құлақтарын тағып алып, жануардың іс-қимылдары мен әдеттеріне еліктеп, солар сияқты өмір кешетіндер" екенін еске салды.

Мүфтият квадроберлердің әрекетіне қатысты пікір білдіргенде Құран аяттарын негізге алды. 

"Адам баласының жануарға еліктеп, сол дәрежеге түсуі, төрт аяқтап жүруі, өзін ардақтау емес, қорлау болып саналады. Тіпті адам баласының жануарға еліктеуі түгілі әйел кісінің ер адамға, ер кісінің әйелге еліктеуінің өзі шариғатымызда тыйым салынған. Сондықтан жануарларға тән сипаттарға  әдейі еліктеу, төрт аяқтап жүріп, олардың тамағын жеу, іс-қимылдарын істеу Алла Тағаланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып табылады. Ал батырды арыстанға, айлакерді түлкіге, сабырлыны түйеге теңеу, сол секілді театрлық қойылымдар, балаларға арналған ойындар т.б "квадробердің", яғни адамның жануарға еліктеуіне жатпайды", – делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу