Тыйым салынған Samsung Note7 смартфонын Астана мен Алматы әуежайларында ауыстыруға болады

1069

Тыйым салынған Samsung Note7 смартфонын Астана мен Алматы әуежайларында ауыстыруға болады

Бұдан былай "Эйр Астана" әуекомпаниясы мен Samsung Electronics компаниясы арасындағы жаңа ережеге сәйкес Samsung Galaxy Note7 смартфонын "Эйр Астананың" барлық әуе кемелерінде өзімен бірге, қол жүгінде және тіркелген жолжүгінде, сондай-ақ жүк және пошта арқылы тасымалдауға тыйым салады , деп хабарлайды BAQ.kz.

Бұл туралы арнайы хабарлаған әуекомпаниясының баспасөз қызметі жолаушылардың қауіпсіздігі әуекомпанияның ең басты талабы екенін айтады.

Galaxy Note7 смартфондарына ие жолаушылар үшін Алматы мен Астана әуежайларында Samsung өкілдері арнайы үстелшелерде осы құрылғыны ауыстырып бере алады.

Естеріңізде болса бұған дейін аталған ұялы байланыс бірнеше мәрте өздігінен жарылып кеткен және оның не себепті жарылатыны да анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу