Тыйым салынған жерде шомылғандарға қанша айыппұл салынады?

490

Қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Тыйым салынған жерде шомылғандарға қанша айыппұл салынады? Фото: inbusiness.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Есбол Сұлтанов тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін тұрғындарға айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты тұлғалар мен азаматтар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 412 - бабы бойынша 7 АЕК (25 мың теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу