Тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 миллиард теңге бөлінді

812

Тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 миллиард теңге бөлінді

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Қарағанды облысындағы ел тұрғындарымен есептік кездесуінде тыңайтқыштарды кеңінен қолдануға аграрийлерді ынталандыру мақсатында субсидиялау тәсілдемелерінің өзгертілгенін айтты. Өз кезегінде, бұл тыңайтқыштарды қолдану көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сонымен қатар, тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 млрд. теңге бөлінді, бұл 2016 жылға қарағанда (11,1 млрд. теңге) 2 млрд. теңгеге артық.

Нәтижесінде тыңайтқыштарды қолдану күрт өсті. 407 мың тоннаға өтінім берілді, бұл 2016 жылға қарағанда 1,5 есеге көп (261 мың тонна).

Алғаш рет соңғы бірнеше жылда тыңайтқыштарды енгізу тұтынудың 14 пайызына дейін жетті. Бұл жақсы өсім. Бұрын енгізілген тыңайтқыштар орташа есеппен 10 пайыздан аспаған.

Бұл ретте субсидияланатын тыңайтқыштар ассортименті 2016 жылы 85-тен 2017 жылы 161-ге дейін өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу