Тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау күдігімен бір топ адам ұсталды

1086

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау күдігімен бір топ адам ұсталды

"ҚР ҚК 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", – деп жазылған комитет хабарламасында.

ҰҚК мәліметінше, қылмыстық істердің "Құпия" белгісі бар, сондықтан тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу