Тынық мұхиты Альянсы елдері ЭКСПО-2017 көрмесінде ортақ павильон ашады

1047

Тынық мұхиты Альянсы елдері ЭКСПО-2017 көрмесінде ортақ павильон ашады

Чили сыртқы істер министрлігі Тынық мұхиты Альянсының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады. Чили, Перу, Колумбия және Мексика ортақ павильон ашатын болады, деп мәлім етті "ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Осымен, бүгінгі танда, 111 ел ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады.

Көрменің "Болашақ энергиясы" тақырыбы Тынық мұхиты Альянсының елдерге өзекті, өйткені  бұл елдер жаңартылатын энергия көздерін кең қолдану мүмкіндігін белсінді түрде зерттелуде.

Чилиде, тау-кен қазу өнеркәсібіне қарағанда күн энергиясы жие қолданылады. Ең ірі фотоэлектрлік күн сәулелік электр станциясы "Catama Solar" жылына 2,62 ГВТ энергия  өндіреді.

Мексикада 2018 жылға жер арқылы жүретін және бу станцияларына 5 млрд доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. 2018 жылдын аяғында елдін фотоэлектр саласы белгіленген 67 МВТ қуатынан 1300 МВТ қуатқа дейін ұлғаяды, сонымен сарапшылардың бағалауынша, энергетика саласының Латын Америка нарығында беделі өседі.

Бүгінгі танда, Перудің электрэнергетикалық қуатының 54% жаңартылатын энергия көздері – су электростанциясы өндіреді. Жақын уақытта бұл көрсеткіш 60 %-ға ұлғаяды деп күтілуде.

Колумбияда 400 МВТ қуатымен "El Quimbo" су электростанциясы іске қосылды. Сонымен бірге, Колумбия  өзінің Медельин қаласындағы университетінің профессорлары және студенттер тобы жасаған күн энергия арқылы жүретін бірінші автомобильмен танымал болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу