Тынық мұхиты флоты дабыл бойынша толық құрамда көтерілді - Сергей Шойгу

504

Флот жауынгерлік дайындықтың жоғары дәрежесіне ауысты.  

Тынық мұхиты флоты дабыл бойынша толық құрамда көтерілді - Сергей Шойгу Фото: Капитал страны

Тынық мұхиты флоты тексеру аясында дабыл бойынша толық құрамда көтеріліп, жауынгерлік дайындықтың жоғары дәрежесіне ауысты, іс-шараға әуе-ғарыш күштері де тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Флот бүгін Владивосток уақыты бойынша сағат 9:00-де (Астана бойынша 05:00) дабыл қағып көтерілді, деп хабарлады Шойгу жұма күні Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен өткен кеңесте.

Оның мәліметінше, іс-шараға әуе-ғарыш күштерінің бір бөлігі, әскери бөлімдер бөлімшелері жұмылдырылған.

"Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының шешіміне сәйкес, әскери басқару органдарының, әскерлер мен күштердің жағдайын бағалау және Ресей Қорғаныс министрлігінің барлық стратегиялық бағыттарындағы міндеттерді шешуге дайындығын арттыру мақсатында кенеттен тексерулер жүргізу тәжірибесі қолға алынды", - деді министр.

Шойгудың айтуынша, бұл тексерудің негізгі мақсаты - "қарулы күштердің мұхит пен теңіз бағыттарынан ықтимал жаудың агрессиясын тойтару міндеттерін шешу қабілетін арттыру".

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің басшысы жаттығулар аясында қабылданып жатқан шараларды айтты: әскери басқару органдары мен күштердің (әскерлердің) әрекеттерін бақылау ұйымдастырылды, алыс авиация қолбасшылығының ұшақтары мен Шығыс әскери округінің авиациясы тартылды, жағалау әскерлерінің әрекеттерін бақылау және жағдайын тексеру жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу