Тынық мұхитында 7 баллдық жер сілкінісі болды

682

АҚШ-тың цунами туралы ескерту жүйесі сұрапыл толқын қаупін жариялады. 

Тынық мұхитында 7 баллдық жер сілкінісі болды Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Тынық мұхитындағы Жаңа Зеландияның Кермадек архипелагында 7 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz АҚШ Геологиялық қызметіне (USGS) сілтеме жасап.

Жер асты дүмпулері Тонга Корольдігіндегі Охонуа елді мекенінен 983 шақырым қашықтықта болды, онда 1,2 мың адам тұрады. Сейсмологтардың айтуынша, ошақ 22 шақырым тереңдікте болған.

Әзірге құрбандар мен қираған нысандар туралы деректер болған жоқ.

АҚШ-тың цунами туралы ескерту жүйесі сұрапыл толқын қаупін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу