"Тынышталмасаң, балаңның қасынан қабіріңді қаза бер": Салтанаттың ағасы Шерзаттың отбасы жайлы айтты

23856

16 жастағы Шерзат Болаттың өлімі мен қылмыстық істің мән-жайы туралы құқық қорғаушы Айтбек Амангелді пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты Baigenews.kz басылымына сілтеме жасап.

"Тынышталмасаң, балаңның қасынан қабіріңді қаза бер": Салтанаттың ағасы Шерзаттың отбасы жайлы айтты Фото: Бейнежазбадан

Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасына белсенді түрде көмектесіп келеді. Ол марқұмның ата-анасына тегін заң көмегін ұйымдастырған.

Оның сөзінше, Шерзаттың отбасына бұған дейін қоқан-лоқы жасалған.

"Іске кіріскеннен бері Шерзаттың әкесіне бір рет тікелей қоқан-лоқы жасаған. Бейтаныс адамдар Қаржаубайға көмектескісі келетін адвокатпен байланыстыратындарын айтып, телефонды көтеруді сұраған. Телефон арқылы Қаржаубайға "Тынышталмасаң, балаңның қасынан қабіріңді қаза бер" деп хабарласқан", – дейді ол.

Айтбек Амангелді тергеу органдары бұл деректі тексеріп жатқанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу